Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев «Digital Almaty 2024: Индустрия Х – болашақтың цифрлық эволюциясы» халықаралық цифрлық форумына қатысып, ірі елдердің технопарктер көрмесін аралап, қазақстандық және әлемдік технологиялық компаниялардың үздік инновациялық стартаптарымен танысты.
Мегаполис басшысы өнеркәсіптегі цифрлық трансформацияның жаңа өнімдерімен және GovTech, индустрия 4.0, ESG, Smart City салаларындағы инновациялық шешімдермен танысты.
Алматы Орталық Азияның цифрлық хабы ретінде дәстүрлі түрде форум өткізетін алаңға айналды. Биыл 15 елден 200-ден астам халықаралық сарапшы панельдік сессияларға қатысып, экономиканың нақты секторында жаңа технологияларды қолданудағы оң тәжірибесін бөлісіп жатыр.
Айта кетейік, Қазақстанның IT компанияларының 1/3 бөлігі Алматыда орналасқан, онда 70 мыңнан астам маман еңбек етеді. Алматыда орналасқан Алатау инновациялық технологиялар паркі резиденттерінің идеялары бүгінде әлемнің 50-ден астам елінде телекоммуникацияларда, радиоэлектроникада қолданылады. Қалалық ІТ экожүйені дамыту бағдарламасының арқасында іріктеу және акселерация бағдарламалары арқылы 400-ден астам стартап өтті, оның 8-і шетелдік нарыққа шығарылды, ал инвестициялар 8,4 млн доллардан асты.
Мегаполисте Алматы-Smart City тұжырымдамасы іске асырылып жатыр, ол азаматтарға арналған цифрлық сервистерді құру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, басқару шешімдерін қабылдау тиімділігін жақсарту және инженерлік инфрақұрылымды цифрландыру жөніндегі жобаларды қамтиды. Алматы-Smart City-ді дамытудың зәкірлік жобасы қаланың цифрлық егізі (Digital Twin) болып табылады, ол неғұрлым ақылды әрі тиімді қалалық кеңістік құру үшін қалалық инфрақұрылымды модельдеуде, талдауда және басқаруда негізгі құрал болады. Мегаполисте 2022 жылдың тамызынан бастап Алматының бірыңғай бейнемониторинг жүйесі жұмыс істейді, оған заманауи бейнеталдау сервистері кіреді, 30 мыңнан астам камераның дерегін талдайды. Биыл жыл соңына қарай камера саны 50 мың бейнекамераға жеткізіледі, 2030 жылға қарай 100 000 камераны қосу жоспарланып отыр.
Бұған қоса, былтыр елімізде тұңғыш рет Алматыда барлық мемлекеттік мектеп мен балабақшада кешенді қауіпсіздік жүйелері енгізілді. Қауіпсіздік жүйесі 4 құрамнан тұрады: бейнебақылаудың циярлық камералары, дабыл түймелері, өрт қауіпсіздігі жүйелері, Face ID бар турникеттер. 2024 жылдың соңына қарай қаладағы барлық мемлекеттік денсаулық сақтау нысаны қамтылады.
Естеріңізге сала кетейік, форум аясындағы ел технопарктері, халықаралық вендорлар мен венчурлық қорлар көрмесі – бұл озық инвестициялық тұжырымдамаларды ұсыну үшін Орталық Азиядағы ең ірі digital іс-шара, түрлі елдердің инновациясы мен технологиялық серпіндерінің кездесу орны. Биылғы көрмеге қатысушылардың арасында ірі қазақстандық жер қойнауын пайдаланушылар, технопарктер мен өнеркәсіптік компаниялар бар.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі