Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты.
Тұрғынның сұрағы:
- Райымбек даңғылында жоспарланған БРТ жобасын қайта қарау мүмкін емес пе? Оны Райымбек даңғылында жасамаңыз, мұнда базарлар бар, облыстан адамдар келеді.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың жауабы:
– Біріншіден Райымбек даңғылының қалалық жол екенін түсіну қажет, тиісінше біз БРТ жобасын іске асыратын боламыз, өйткені қаланы дамыту қажет. Біздің басымдығымыз – қоғамдық көлік, бүгінде ол Райымбекте тиімсіз.
Айта кету керек, Райымбек даңғылы бойынша БРТ-ның жалпы ұзындығы 17 км құрайды, жоба сонымен қатар »Алтын Орда» көлік-ауысып отыру торабын (КАТ) құруды қамтиды.
Жобаны іске асыру кезінде қоғамдық көлікке бөлінген жолақтардың ұзындығы дәліз ұзындығынан 70%-дан 90%-ға дейін өседі, платформалары бар сол жақ жолақта бөлінген жолақтар пайда болады, ал қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы 70%-ға өседі. Осылайша, дәліздің бүкіл бойында қоғамдық көліктің басымдығы қамтамасыз етіледі, қарбалас сағаттағы орташа қозғалыс аралығы шамамен 5 минутты құрайды.
Жобаны 2 кезеңде іске асыру жоспарлануда. Біріншісі – ағымдағы жылы Райымбек даңғылының Ахрименко көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі орталық учаскесінде бөлінген жолақтар реттеледі. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2024 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған.
Екінші кезең батыс бөлікті қамтиды – Ахрименко көшесінен бастап »Барлық» базарына дейін, -2025-2026 жылдары іске асырылады. Сондай-ақ, осы кезеңде Райымбек даңғылын Пушкин көшесінен »Шығыс» көлікке ауысып отыру торабына дейін ұзарту жоспарланған.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі