Елімізде банкроттық рәсімге арналған ақпараттық жүйе жұмысын бастады

23.02.2023

Ержан Біржановтың айтуынша, 1 млн 180 мың қазақстандық қарызын өтемеген.

Елімізде азаматтардың банкроттық рәсімдеріне арналған ақпараттық жүйе жұмысын бастады. Келер айдан бастап бағдарламаға өтініш қабылдана бастайды.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, қазір 1 млн 180 мың қазақстандық қарызын өтемеген. Олардың берешек сомасы 1 трлн 100 млрд теңгеге жеткен. Жаңа құрылған біріңғай базада азаматтардың төлем қабілеті қарастырылып, шешім қабылданады.

«Банкроттықтың кері салдары бар. Біріншіден, 5 жыл бойы несие ала алмайды. Екіншіден,  7 жыл тіркеуде тұрады, қайта банкроттыққа өтініш бере алмайды. Үшіншіден, оған қаржылық мониторинг жүргізіледі», – деді ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.