Алматы қаласы Туризм басқармасы қазақстандық және катарлық туристік операторлар арасында бизнес-байланыстар орнату үшін роуд-шоу ұйымдастырды, онда B2B форматында өзара ынтымақтастық мүмкіншілігі талқыланды.
Айта кетейік, Алматыда екінші жыл қатарынан араб елдерінен туристік ағынның өсуі байқалады. 2023 жылдың басынан бері Катардан келетін туристік ағын 4,6 еседен астам өсті. Келгендердің белгілі бір бөлігін Катардан келген инвесторлар мен туристер құрайды. Катардың ірі бөлшек-дистрибьюторлық компаниясы 2022 жылғы қарашада отбасыларымен 45 топ-менеджерді олардың жұмысы үшін көтермелеу ретінде демалу үшін Алматыға жіберген жекелеген жағдайлармен жоғары қызығушылық расталады.
Мамандардың айтуынша, бұл шекараларды ашу, әуе қатынасын қалпына келтіру арқылы қаланы халықаралық нарықтарда ілгерілету бойынша қабылданған шаралардың арқасында мүмкін болды, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің туроператорлармен бірлесіп өткізген іс-шаралары, оның ішінде «Dubai ATM-2022» туристік көрмесіне, Катардың, БАӘ, Сауд Арабиясының және Оманның ірі қалалары бойынша роуд-шоуға қатысуы.
Катардың 50-ден астам туроператоры Алматыны демалыс пен бизнес үшін қолайлы қала ретінде қарастырады.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың соңында Алматы – Доха бағыты бойынша аптасына 7 рейс жиілігімен ұшуды жүзеге асыратын жаңа рейс іске қосылды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы туризм басқармасы