31.01.2024

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Алматының Алмалы ауданында 2024 жылы орташа жөндеумен жалпы ұзындығы 22,9 км болатын 44 көше, сонымен қатар, 5 км тротуар қамтылады.

Сонымен қатар ауданда 40 мың шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Қала басшысы 2023 жылы ауданда ұзындығы 24,2 км 16 көшеге, сонымен қатар 6,1 км тротуарға орташа жөндеу жүргізілгенін еске алды. Сондай-ақ Әйтеке би көшесін Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейін ұзарту аяқталды. Ағымдағы жөндеумен 40 мың шаршы метр жол қамтылды.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.