Бірнеше қалалардағы ғимараттарға жарылғыш зат қойылды: ІІМ мәлімдеме жасады

31.03.2022

Наурыздың 31 күні қазақстандық полицияға әртүрлі қалалардағы нысандарға жарылғыш заттар қойылғандығы туралы ондаған хабарламалар келіп түсті. Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Қазақстанның бірқатар қалаларындағы түрлі нысандарға жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы хабарларға байланысты келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланды. Ғимараттар қоршауға алынды, нысандарды тиісті қызметтер мен мамандар, іздестіру иттері мен арнайы техниканы пайдалана отырып тексерді», - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі айтуы бойынша.

Барлық осы фактілер бойынша департаментте атап өткендей, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273 бабына сәйкес, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ішкі істер министрлігі жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Біз тұрғындарды сабырлық сақтауға, болып жатқан оқиғаларға және қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз», - деді ІІМ мамандары.

 

 

 

Дереккөз: Zakon.kz