«Балқаш» резервуары Каменск үстірті, Көлсай, Мұзтау және Юбилейный шағын ауданындағы 20 мыңнан астам тұрғынды сумен қамтамасыз етеді

08.12.2023

Алматыдағы Медеу ауданының жоғарғы жағында тұратын жандар 2023 жылдың соңына дейін жерасты су көздеріне қосылады

Қаланың оңтүстік бөлігін жерасты сумен жабдықтау көздеріне қосу жөніндегі алғашқы ауқымды жобаның құрылысы биыл 25 желтоқсанына дейін аяқталады. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаевқа Медеу ауданын аралау барысында баяндады.

Қала басшысы биыл жазда тау бөктеріндегі тұрғындарды тау өзендеріне тәуелділіктен арылтуды тапсырды: қатты ыстық пен мұздықтардың қарқынды еруінен сел болып, өзендер лайланды, бұл су мәселесін тудырды. Бұған дейін 2022 жылы көлемнің, ұңғыманың 2,5 есе – 150-ден 60 м3-ге дейін азаюы тіркелген болатын. Қазіргі уақытта Каменск үстірті шағын ауданның 2 мыңнан астам тұрғыны орталық сумен және кәрізбен қамтылмаған.

Биыл мамыр айында төрт жаңа су көзінің құрылысы басталды. Сонымен қатар, «Балқаш» резервуары мен сорғы бекетін толық қайта құру туралы шешім қабылданды. Жоба аясында Медеу ауданының инженерлік желісі мен нысандары жерасты су жинағыштарының қосымша қолда бар қуатына қосылады.

Қала басшысына аудан әкімі Еркебұлан Оразалин баяндағандай, резервуарларды салудан басқа, қолданыстағы «Каптаж» сорғы станциясының жанындағы қолданыстағы үш ұңғыманы қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жүргізіліп жатқан жұмыстар ұңғымалардан алынатын су көлемін екі есеге жуық арттыруға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде резервуарлардың құрылысы Каменск үстірті, Юбилейный, Көлсай және Мұзтау шағын аудандарының 20 мыңнан астам тұрғынын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 45,8 км сумен жабдықтау және кәріз желілерін салу бойынша 4 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде, оларды 2024 жылы аяқтау жоспарланған. Алдағы 2 жылға жалпы ұзындығы 140 км сумен жабдықтау және су бұру тарату желілерін салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. 2025 жылдың соңына қарай ауданның сумен қамту мәселесін толықтай шешу көзделген.

«Біз қосымша қуат қосамыз: жаңа резервуарлар инженерлік желілердегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Биыл жазда пайда болған сумен қамту мәселесі қайталануы мүмкін. Бұл жоба аяқталғаннан кейін біз Талғар су құбырынан қосымша су тартамыз. Әл-Фарабиден жоғары жақты жазға дейін аяқтаймыз, бұл бірінші кезекте Медеу және Бостандық аудандарына қатысты, тіпті ең аптап ыстықта да тұрақты түрде сумен қамтамасыз етеміз», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Жүргізіліп жатқан жұмыс орталықтандырылған коммуналдық желілері жоқ аумақтарда сапалы сумен қамту бойынша Алматының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасында қойылған талаптарға сәйкес келеді.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі