Балалар спортынан жоғары жетістіктер спортына: Алматыда №8 спорт мектебінде гольф бөлімі ашылды

20.03.2024

 

№8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері гольф бойынша ІІІ жасөспірімдер спорттық разрядын алды.

Жас гольфшылар Қазақстан гольф федерациясының қолдауымен оқуын бастады. Гольф бөлімшесі 2023 жылдың қазан айындап Алматы қаласындағы №8 спорт мектебінің базасында 53 балаға есігін айқара ашты. Салыстырмалы түрде оқудың басталғанына көп уақыт болмаса да, балалар керемет нәтиже көрсетті. Балалар 4 оқу тобында, оның ішінде 7-12 жас аралығындағы бастапқы даярлықта оқиды.

Бағдарламаның басты ерекшелігінің бірі жаттығулар тегін өткізіледі. Барлық қажетті спорттық жабдық (доп таяқтар, доптар) да тегін беріледі. Тренингті тәжірибесі мол білікті жаттықтырушылар жүргізеді.

Балаларды гольф бөліміне қабылдау 2024 жылдың 18 наурызында жарияланады.

Анықтама үшін: Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген гольфтің Қазақстанда әлеуеті зор және балалар гольф мектебі отандық дарынды спортшылардың дамуы мен тәрбиесіне ықпал етеді.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

20 наурыз 2024