Астана – Алматы бағытында ұлттық нақышта безендірілген мерекелік пойыз жолға шықты

07.03.2023

Құрам вагондары этностильде безендірілген.

Астана – Алматы бағыты бойынша ұлттық нақышта безендірілген мерекелік Тальго жолға шықты.

6 наурызда елордалық вокзалдан Астана – Алматы бағыты бойынша Наурыз мерекесі қарсаңында безендірілген №3/4 Тальго пойызы алғашқы сапарға аттанды.

Құрам вагондары этностильде безендірілген. Мерекелік құрам күн сайын 2023 жылғы сәуір айының соңына дейін жүреді.

Тальго этнопойызы – »Жолаушылар тасымалы» АҚ мен Алматы қаласы әкімдігінің бірлескен жобасы.

Оқи отырыңыз: Наурыздағы мереке күндері Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.