10.02.2023

Алматыда биыл шығармашылық үйірмелері мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасына 16,2 млрд теңге қарастырылды. Бұл туралы қала әкімінің Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

Бостандық ауданы тұрғындарының бірі қала әкімінен ArtSport бағдарламасының қайта іске қосылуы туралы сұрады. Әкімнің орынбасары Арман Қырықбаев жақында ArtSport платформасын өзгертуге конкурс жариялағанын айтты.

«Байқау аяқталып, жеңімпаз анықталды. Енді платформа artsport.edu.kz емес, басқаша аталмақ. Қателеспесем, «Бала Даму» деп аталады. Платформа екі күн ішінде іске қосылады. Содан кейін біз әдеттегідей жұмысымызды жалғастырамыз», - деді Арман Қырықбаев.

Шаһар басшысы Ерболат Досаев биыл қалада балаларға арналған үйірмелер мен секцияларды ұйымдастыруға 16,2 млрд теңге бөлінгенін атап өтті.

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов «Artsport» бағдарламасы жаңа форматта жалғасатынын айтқан болатын.

 

 

 

Дереккөз: inform.kz