Алматының Әуезов ауданындағы Достық, Мамыр-4 шағын аудандарында және бау-бақша қоғамдарында инженерлік желілер модернизациялануда

28.11.2023

Алматының Әуезов ауданында 4 проблемалық учаске бойынша сумен жабдықтау және су бұру желілерін модернизациялау бойынша жобалар іске асырылуда. Бұл туралы Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев ӨКҚ- нің брифингінде мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған учаскелердегі су құбыры және кәріз желілері 1960-1970 жылдары салынғанын ескерсек, олардың тозуы 90% -ды құрайды.

«Достық шағын ауданындағы бірінші учаске бойынша кәріз желілерін салу жұмыстары 2023 жылдың ІІІ тоқсанында басталды, жалпы ұзындығы 13,7 км, 759 жеке үй мен 3650 тұрғын қамтылды. Жобаны 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Екінші учаске бойынша бұрынғы үш «Восход», «Садовод», «Ардагер» бау-бақша серіктестіктерінде сумен жабдықтау және су бұру желілерін төсеу жұмыстары 2023 жылдың ІІІ тоқсанында барлық 8 көшеде басталды, жалпы ұзындығы 5,2 км, 117 жеке үйді қамтиды. Бұл жұмыстар ағымдағы жылдың соңында аяқталады. Мамыр-4 шағынауданындағы үшінші учаскеге қатысты 197 үй мен 750 тұрғынды қамти отырып, ұзындығы 12,3 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу бойынша жұмыстарды 2024 жылдың ІІ тоқсанында бастап, 2025 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Төртінші учаске бойынша Саина-Шаляпина-Жандосова - р.Қарғалы көшелерінің квадратында жалпы ұзындығы 42 км, 700 үйді қамтитын сумен жабдықтау және су бұру құрылысы бойынша ЖСҚ әзірлеу аяқталуда. Бұл жұмыстарды 2024 жылдың ІІ тоқсанында бастауды жоспарлап отырмыз», - деді аудан әкімі.

Бұл жобаларды іске асыру барлық 4 учаске бойынша 11 мыңнан астам тұрғынды сапалы сумен және кәрізбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Саин көшесі учаскесінде, Шаляпин көшесінен Абай даңғылына дейін су құбыры желілерін қайта жаңарту аяқталды, жалпы ұзындығы 0,9 км. Ұлықбек даңғылы (оңтүстік және солтүстік жағы) бойынша 2 учаскеде, Саин көшесінен Момышұлы көшесіне дейін, жалпы ұзындығы 2,5 км. және Төле би көшесінде, Саин көшесінен бастап, Абай көшесіне дейін жұмыс жалғасуда ұзындығы 1 км Момышұлы көшелері.

Осы учаскелерді реконструкциялау Жетісу және Ақсай шағын аудандары тұрғындарын үздіксіз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жұмыстарды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі