09.02.2024

Терренкурды абаттандыру және Көктөбені сәулеттік-көркемдік жарықтандыру жағы қолға алынады.

Алматыдағы Терренкур демалыс аймағының тартымдылығын іргелес аумақтарды абаттандыру есебінен арттыру жоспарлануда. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында  айтты.

Қазіргі уақытта Терренкурды абаттандыру бойынша жоба әзірленуде, ол 2024 жылдың 1 тоқсанында аяқталады.

- Жобада заманауи амфитеатр мен жаяу жүргіншілер көпірін салу, тоғанды абаттандыру, балалар мен спорт алаңдарын орнату қарастырылған, – деп атап өтті Алматы әкімі.

- Жазғы кезеңде Медеу ауданының тұрғындары  белсенді демалыс үшін Алатау шағынауданында  жаңа скейтпарк қолжетімді болады.  Оның құрылысы тұрғындардың өтініші бойынша басталып, 2024 жылдың наурыз айының соңына дейін аяқталады, - деп толықтырды сөзін Ерболат Досаев.

2024 жылдың мамыр айында қала символының бірі болып табылатын Көктөбе телемұнарасын сәулеттік – көркемдік жарықтандыру бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Әкім қала тұрғындары үшін басқа да маңызды қоғамдық кеңістіктерді, оның ішінде Самал-1 шағынауданындағы  »Журналистер» скверін  және Оспанов көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағын реконструкциялау аяқталғанын атап өтті.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.