Көлік қаңқасының моделі қаладағы ең тартымды және тартымдылығы аз аймақтарды талдау, сондай-ақ жұмыс орындарының шоғырлануы негізінде қалыптасады, деп хабарлады әзірлеушілер қалалық мәслихат депутаттары мен сарапшылар қоғамдастығы алдындағы шебер-жоспардың тұсаукесерінде.
Жүргізілген талдауға сәйкес, Алматыда жұмыс орындарының 70% шоғырланған ағындарды тартудың 3 аймағын бөлуге болады. Зерттеу үшін қызмет түрлерінің санаттарымен (мысалы, сауда нысаны – «көтерме және бөлшек сауда» қызмет түрі) және сыйымдылығымен, яғни жұмыс орындарының санымен байланысты тұрғын емес нысандардың картасы пайдаланылды.
Бұған қоса, қаңқаның нұсқасын таңдау кезінде басқа да тарту нүктелері ескеріледі: ірі сауда орталықтары мен базарлар, көлік хабтары, табиғи, мәдени, спорттық және білім беру нысандары.
Шебер-жоспарды «Алматыбасжоспар» және кешенді көлік жобаларын іске асыру саласындағы сарапшылар әзірлеген.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі