Алматының халқы тығыз орналасқан шағын ауданында кешенді жаяу жүргіншілер аймағы пайда болды

08.11.2023

Тұрғындардың тілегі бойынша Алматының Наурызбай ауданының әкімшілік кешенінің бос аумағына «Шұғыла city», «Alem city» ТК баратын жол және 90-100 автокөлік тұратын автотұрақ салынды.

Жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында іске асты, мұндағы жүргіншілер аймағының ұзындығы 400 метр әрі абаттандырылған, орындалғаны:

- ағаштар отырғызылды;

- автоматтандырылған суару жүйесі орнатылған;

- шамдар мен орындықтар қойылды.

Жаяу жүргіншілер аймағының бір бөлігі ауданның кішкентай тұрғындарына арналған. «Балаларға арналған қала» деп аталатын ойын алаңы өрмелеуге арналған әртүрлі элементтерден, үйлерден, тік сырғанақтардан, лабиринттерден, тоннельдерден, құм жәшіктерінен, баспалдақтардан, торлардан және т.б. тұрады.

Ойын аймағында баланың әлеуметтік бейімделуіне жағымды әсер ететін әрі физикалық және ақыл-ой дамуына ықпал ететін балалардың көше ойындарына арналған барлық құрылғылар бар.

Айта кетерлігі, бұл шағын ауданда жалпы саны 7500 адамды құрайтын 40 көпқабатты тұрғын кешені бар.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2023 жылы Наурызбай ауданы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын іске асыруға қосымша 875 млн теңге алды. Осылайша, ауданда 2,7 млрд теңгеден астам сомаға 67 жоба іске асырылуда.

Қала әкімі қосымша қаржыландыру туралы шешімді осы бағдарламаның тиімділігі мен қала тұрғындарының оң пікірлерін ескере отырып қабылдады.

Бұдан басқа, 2024 жылға «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын қаржыландыру ұлғайтылады: қаланың 6 ауданына 2 млрд теңгеден және Алатау және Наурызбай аудандары үшін 2,5 млрд теңгеден бөлу жоспарлануда. Қосымша қаражат халықтың ең өзекті және сұранысқа ие жобаларын іске асыруға бағытталатын болады.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі