Бұл туралы ОКҚ брифингінде Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. Қала басшысы журналистерге әлеуметтік мекемелерде – бірінші кезекте мектеп, балабақша, интернаттарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай алдын алу шаралары қолданылатыны туралы айтып берді.
«Жыл сайын Алматы қаласының ТЖД барлық аудандар бойынша білім беру ұйымдарына жоспарлы тексеру жүргізіледі. Соңғы тексеру 2023 жылдың көктемінде өтті. Заңбұзушылықтар анықталған жоқ. Бүгінгі таңда қаланың барлық мектептерінде өртке қарсы дабыл орнатылды, директорлардың бұйрығымен өртке қарсы қауіпсіздікті сақтауға жауапты адамдар тағайындалды«, - деп толықтырды сөзін Ерболат Досаев.
Қазіргі уақытта Алматының 209 мектебінде, 186 балабақшасы мен 8 интернатында қауіпсіздіктің кешенді жүйелерімен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде: барлық бейнебақылау камераларын жаңарту, полиция департаментінің жедел басқару орталығымен интеграциямен дабыл түймелерін қосу, турникеттер мен күзет-өрт дабылдарын орнату. Жұмыстар биылғы жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқталады.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі