Алматының Жас Қанат шағын ауданында 2023 жылдың соңына дейін 22 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

22.08.2023

Түрксіб ауданының Жас Қанат шағын ауданында 163 098 ш.м. 41 үйдің (3 116 пәтер) құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасып жатыр. 31 үй немесе ауданы 122 859 ш. м. 2 344 пәтер пайдалануға берілді. 2023 жылдың соңына дейін тағы 5 үй немесе 473 пәтер (22 мың ш.м.) пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар, салынып жатқан үйлерге іргелес аулаларды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмринге құрылыс нысандарын аралау барысында мердігер ұйымның өкілдері баяндады.

Абаттандыру жобасы аясында 12 ауланы абаттандыру көзделген. Абаттандыру нысандары 60%-ға дайын.

Бүгінде 8 аула бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, аулаларды асфальттау және шағын сәулет нысандары орнатылды. Биыл 10 қыркүйекке дейін қалған және шағын сәулет нысандары орнату және көгалдандыру жұмыстары бітеді. Қалған 4 аула бойынша жұмыс 15 қыркүйекте басталып, 2023 жылдың қарашасында аяқталады.

Мердігер ұйымға жұмыс қарқынын жеделдету тапсырылды.

Айта кетейік, үйлер 2022 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілуге тиіс еді. Жұмыстардың сапасыз орындалуына байланысты тапсыру мерзімінің едәуір кешіктірілуіне әкелген «Риголит» ЖШС, «Капиталпроект Групп» ЖШС, «Хадит» ЖШС, «Промкомплект» ЖШС, «Шах» ЖШС және «НВК-Сапа Құрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымдарын мемлекеттік сатып алуға жауапсыз қатысушы деп тану туралы талап арыздар берілді. Қазіргі уақытта сот жүріп жатыр.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі