Алматы қаласының мәслихаты бір мандатты депутаттар бойынша округтер картасын ұсынды. Енді тұрғындар мәслихат сайтындағы «Округтер картасы» қосымша бетінде өз округінің депутаты туралы ақпаратты оңай көре алады.
Картадағы әрбір округ депутат туралы толық мәліметтермен, соның ішінде оның фотосуреті мен байланыс деректерімен айқындалған. Сайлау округінің шекаралары да белгіленген.
«Енді әрбір тұрғын картадан мекенжайын таңдап, өз депутатын таба алады. Сонымен қатар өтініш қалдырып, жеке қабылдауға жазылуға мүмкіндік бар. Бұл қадам тұрғындар мен сайланған депутаттар арасындағы өзара байланысты жақсарту және тиімділікті арттыру үшін жасалды», - деп атап өтті қалалық мәслихат төрағасы Мейіржан Отыншиев.Айтуынша, округтер картасы Алматы қаласының цифрландыру басқармасымен бірлесіп әзірленді.
Дереккөз: inform.kz