Алматылық оқушылар Индонезияда өткен робототехника чемпионатында жеңіске жетті

11.01.2024

Жарысқа 5 елден 30 команда қатысты.

Алматылық оқушылар робототехника бойынша тағы да үздік нәтиже көрсетті. FIRST Tech Challenge робототехника бойынша ашық ойындар Индонезияның Депок қаласында өтті.

Жарысқа 5 елден 30 команда қатысты. Чемпионатқа Қазақстанның намысын қорғауға Алматы қаласынан «124» командасы аттанған болатын.

9-11 сынып оқушыларынан құрылған «124» командасының құрамында: Алдияр Жұмаділ, Илияс Әуезхан, Әлімжан Раев, Гауһар Жанас, Лаура Тоқтағали – №124 ЖББМ, Айханым Шамшадин, Арай Ержанқызы, Әлрахат Ұмытхан, Мерас Медғат – №81 мектеп-гимназия, Томирис Оңғарбек – №206 мектеп-гимназия, Әсел Үмбет – №178 лицей, Мира Демеуғалиева – №200 мектеп-гимназиясының оқушылары бар.

Алматылық оқушылар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген 150 жас робототехника жасаушылармен бірге бірнеше күн бойы өз жұмыстарымен бәсекеге түсті. Нәтижесінде ел құрамасының қоржыны 7 жүлдемен толықты. Соның ішінде Алматылық оқушылар төмендегідей нәтижеге ие болды.

«124» командасы:

1 орын - Control award;

3 орын - Think Award;

3 орын - Connect Award.

Еске салайық, Индонезияда өткен чемпионатқа жолдаманы Қазақстаннан барған оқушылар 2023 жылдың желтоқсанында Оқу-ағарту министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен USTEM Foundation Қоғамдық Қоры ұйымдастырған Almaty Tech Cup республикалық турнирінде жеңіп алған болатын.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.