Алматыдағы Оқушылар сарайын модернизациялау 2023 жылдың соңына дейін аяқталады

29.09.2023

Алматыда Оқушылар сарайын модернизациялаудың 2 кезеңі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Медеу ауданының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

« Модернизациялау аясында жылыту, желдету және кондиционерлеу, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін ауыстыру, қуаты 1,4 мВт жаңа трансформаторлық қосалқы станция салу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін аяқталады. Жаңа телескоп пен лифт орнатылатын обсерваторияда да жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмыстың аяқталу мерзімі – осы жылдың желтоқсан айы«, - деді әкім.

Еске салсақ,, 2022 жылы скверді абаттандыру жұмыстары аяқталды. Сыртқы жарықтандыру ауыстырылды, жаңа ағаштар мен бұталар отырғызылды, көгалдандыру жүргізілді, суару жүйесі тартылып, жабындар төселді. Сондай-ақ жаңа орындықтар мен урналар қойылып,субұрқақ салынды.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі