13.04.2022

 Алматы әкімдігі мен мәслихатының аты жоқ көшелерге жаңа атау беру туралы бірлескен қаулысы дайындалды.

Қаланың бірнеше ауданындағы атаусыз көшелерге көрнекті тұлғалардың есімдері беріледі.

Алатау ауданы «Нұркент» шағын ауданында:

  • № 1 жобалық атауы бар көшеге Аднан Мендерес атауы берілсін;

Бостандық ауданы «Ерменсай» шағын ауданында:

  • № 2 жобалық атауы бар көшеге Жақсылық Үшкемпіров атауы берілсін;
  • № 4 жобалық атауы бар көше – Қаршыға Ахмедьяров көшесі;
  • № 5 жобалық атауы бар көше – Шолпан Жандарбекова көшесі;

Бостандық ауданы «НұрАлатау» шағын ауданында:

  • № 12 жобалық атауы бар көше – Ғазиза Жұбанова көшесі;
  • № 13 жобалық атауы бар көше – Кәкімбек Салықов көшесі;

Бостандық ауданы Нұрлытау шағын ауданында:

  • № 6 жобалық атауы бар көше Роза Жаманова көшесі деп аталсын;

Медеу ауданында:

  • № 2 жобалық атауы бар көше – Тимофей Седельников көшесі;
  • № 7 жобалық атауы бар көше - Мәшһүр Жүсіп көшесі;

Медеу ауданы «Алатау» шағын ауданында:

  • №14 жобалық атауы бар көшеге Лев Гумилев есімі беріледі.

Алматы қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясының және Алматы қаласының ономастикалық комиссиясының, Республикалық ономастикалық комиссияның оң қорытындылары қабылданды.

Құжат 27 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

 

 

 

Дереккөз: Zakon.kz