01.08.2022

Жылдам қызметтер аймағында қызмет алушылар үшін бөлек электрондық кезек қарастырылған. Енді залдағы операторларға жүгінбей-ақ, бірден жылдамдық аймағынан қызмет алуға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ таратқан мәліметке сәйкес, қаладағы барлық ХҚО-ларда аудан тұрғындарының тығыздығына қарай 6 - 7 аймақ жұмыс істейді. Мұнда жылдам алуға болатын 13 түрлі қызмет көрсетіледі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызмет көрсетудегі факторларының бірі – халыққа сапалы әрі жылдам қызмет көрсету. Осы орайда филиалдың 8 аудандағы фронт-офистерінде жылдамдық аймағы жұмыс істей бастады. Жылдамдық аймағының жұмыс мәні – қызмет алушы залдағы операторларға өтіп, 20-25 минут күтіп отырмайды. Ресепшнге жақын орналасқан жылдамдық аймағына өтіп, 5 минутта жұмысын бітіре алады. Қала бойынша жылдамдық аймағы үшін 54 жұмыс орны қарастырылды. Мұнда азаматтарға 5 минут ішінде жылдам қызметтер көрсетіледі», - дейді филиал директорының орынбасары Әсем Болатбекова.

Жылдам қызметтер аймағында соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру, Қазақстан Республикасы халқының тұрғылықты жері бойынша тіркеу, тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару, салық төлеушілерді тіркеу, жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру, электронды цифрлық қолтаңба алу, мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою, жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру секілді қызметтертер көрсетіледі.

Бұдан басқа ХҚО-ларда Өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары да жұмыс істейтінін еске саламыз. Онда электрондық қызметтерді азаматтар өздері алады.

Алматы ХҚО-лары 2022 жылдың алты айында 1 450 808 мемлекеттік қызмет көрсетті.

 

 

 

Ақпарат көзі: inform.kz