Алматыдағы Әуезов ауданында «Тең қоғам» мүгедектерді әлеуметтік қолдау ортылығының бөлімшесі ашылды

07.02.2023

Алматыда құлағында мүкістігі бар 11 мыңнан аса адам тіркеуде тұр.

Алматының Әуезов ауданында «Тең қоғам» мүгедектерді әлеуметтік қолдау ортылығының бөлімшесі ашылды.

Шағын филиалда мүмкіндігі шектеулі жандарға құқықтық және психологиялық көмек көрсетіледі. Бұл орталықтың басты мақсаты – мүгедек жандарға қолайлы орта қалыптастыру, өмірге бейімдеу. Алматыда құлағында мүкістігі бар 11 мыңнан аса адам тіркеуде тұр. Қалада олар үшін 2 мектеп жұмыс істейді.

«Мүгедектігі бар жандарға «Тең қоғам» деген жоба қажет. Себебі, бұл жерде мүгедектерге жақсы жағдай қасалған. Сапалы қызмет, психологиялық кеңес, арт терапияның бірнеше түрі қамтылған. Сондай-ақ заңгердің кеңесін тыңдап, жеке кәсіпті дамыту, қаржылай сауат, компьютер үйрету сынды дәріс алады», – деді Cаңырау мүгедектерді қолдау орталығының төрайымы Аманбике Ерғалиева.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.