Түрксіб ауданының Байрон, Тбилисская және Баймағамбетов көшелерінде жаяу жүргіншілер аймақтарының құрылысы аяқталды. Көпірлердің жалпы ұзындығы шамамен 1000 метр.
Үш учаскені тұрғындар бұрын абаттандырылмаған жолдар ретінде пайдаланған.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жаяу жүргіншілер жолдары салынды, көше жарықтандыру желілері, баспалдақтар орнатылды, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдай қарастырылды.
Әкімдікте «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Биыл Түрксіб ауданы үшін 78 жобаны жүзеге асыруға 1,6 млрд теңге бөлінді. Бүгінде аулаларды жарықтандыруды, ойын алаңдарын салуды, тереңдетілген қоқыс контейнерлерін орнатуды және жаяу жүргіншілер көпірлерін жөндеуді қоса алғанда 61 нысан аяқталды. Жыл соңына дейін балалар алаңдарын салуды, жаяу жүргіншілер көпірлерін жөндеуді және жаяу жүргіншілер-серуендеу аймақтарын жайластыруды қосқанда тағы 17 жобаны аяқтау жоспарға енген.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі