13.10.2023

2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 13,5% - ға өсті. Бұл туралы қалалық экономика басқармасы хабарлады.

Алматыда өңдеу өнеркәсібі 21% - ға өсіп, еліміздегі ең жоғары өсу қарқынын көрсетті. Автомобильдер өндірісін, тамақ және фармацевтика өнеркәсібін ұлғайту есебінен оң динамикаға қолжетті.

Сауда саласы 14,5% – ға, оның ішінде бөлшек сауда саласы – 6,5% - ға, көтерме сауда саласы-17,4% - ға өсті. Байланыс қызметтері 3,3% – ға, көлік және қоймалау 9,5% - ға ұлғайды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 трлн теңгеден асты. Жеке инвестициялар 7,3% - ға дейін артты.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі