Экономиканың негізгі алты саласының серпінін сипаттайтын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 115,2%-ға жетті.
2023 жылдың қаңтар – тамыз айларының қорытындысы бойынша Алматы қаласында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсу қарқыны жоғары.
Экономиканың негізгі алты саласының (өнеркәсіп, сауда, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс қызметтері, құрылыс, ауыл шаруашылығы) серпінін сипаттайтын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 115,2% -ды құрады.
Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 21,7% өсіммен 1 303,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды, бұл елдегі ең жоғары өсу қарқынын көрсетті (+3,8%). Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі 20,2%-ға 1 117,6 млрд теңгеге дейін өсті.
Құрылыс 3,8%-ға өсті, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 322,3 млрд теңгені құрады. 2023 жылғы қаңтар-тамызда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22,5% өсіммен 1 486,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Бөлшек тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2% - ға ұлғайып, 3 525,8 млрд теңгені құрады. Көтерме сауда айналымы 20,3%-дық өсіммен 9 455,6 млрд теңгені құрады.
Көлік және қойма қызметтері 16,5% – ға, ақпарат пен байланыс 3,3%-ға өсті.
2023 жылғы қаңтар – тамызда қала экономикасына негізгі капиталға 876,9 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл ретте жеке инвестициялар 2022 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 4,8%-ға өсті.
2023 жылдың тамыз айында іскерлік белсенділік индексі 55,2% - ды құрады және республика бойынша көшбасшы орын алады.
Сыртқы сауда айналымы (ЕАЭО елдерінсіз) 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 34,6% өсіммен $1 14 369,4 млн құрады. Бұл ретте экспорт 23,8% - ға ұлғайып, $2 605,2 млн құрады.
Дереккөз: Almaty.tv.