Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалада «Форвардтық сатып алу» бойынша көкөністер, жұмыртқа, сиыр еті және әлеуметтік нан жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылды.
Қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, 2023 жылдың 9 айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді: қарақұмық жармасы (41,7%), күнбағыс майы (24,1%), қант (12,1%), картоп (8,9%), пияз (4,5%), ұн (2%).
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалада «Форвардтық сатып алу» бойынша көкөністер, жұмыртқа, сиыр еті және әлеуметтік нан жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылды.
Биыл 1 қыркүйектен бастап «Магнум» сауда желісінде осы көктемде Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарының фермерлерінен сатып алынған 20 мың тонна көкөніс сатылады. Бұған қоса, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды облыстарының тауар өндірушілерімен азық-түлік тауарларын тікелей жеткізу бойынша меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды. Мысалы, Жамбыл облысының фермерлерімен 1 мың тонна пияз жеткізу бойынша меморандумға қол қойылды.
«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ қорларынан нан бағасын тұрақтандыру үшін қаланың негізгі ұн тарту кәсіпорындарына 9,4 мың тонна астық жеткізу пысықталды.
Қаланың сауда желілерінде белгіленген, төмендетілген бағамен «Көксу қант зауытында» сатып алынған 3 мың тонна қант және Қызылорда облысынан өндірушілерден сатып алынған 1 мың тонна күріш сатылады.
Дереккөз: Almaty.tv.