22.02.2023

Сахнада музыкалық жауһарлар орындалды.

Алматыда Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының концерт залында «Классикалық музыка кеші» атты концерт өтті.

Кеште ең танымал және сүйікті туындылар — музыкалық классиканың жауһарлары орындалды. Әйгілі қазақ және орыс композиторларының классикасы енген түрлі бағдарлама ұсынылды.

Мектеп оқушылары Әмір Ерназар, Зере Әбілқасымова, Әмина Әбішева және Нұрсұлтан Омарғазин жеке нөмірін орындады.

«Сахнадағы балалардың көңіл-күйі тамаша болды. Композицияны қаншалықты түсінгенін олардың эмоциясынан, жүзінен байқауға болады. Шығарманың әрбір ырғағын, дыбыс тазалығын жанымен сезіне білді», – деді анасы.

Сахнада өнер көрсеткен оқушылар көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Дереккөз: Almaty.tv.