Алматыда жалпықалалық сенбілік аясында 5000-ға жуық ағаш отырғызылады

17.04.2023

Алматы әкімдігі қоғамдық ұйымдардың 2023 жылы 22 сәуірде сағат 10:00-де өтетін Almaty Clean & Green экологиялық акциясын өткізу жөніндегі бастамасын қолдады. Акция бүкіл қала бойынша өтеді.

Жалпықалалық сенбілікті өткізудің бастамашылары – Қазақстанның көгалдандырушылар қауымдастығы, ECONETWORK, «Posadiderevo.kz» РҚБ, «Спорттық туристер достастығы» ҚҰ. Қоғамдық ұйымдар әлеуметтік желілерде іс-шараны ұйымдастыру кезінде экологиялылыққа баса назар аудара отырып, акцияны заманауи форматта өткізуге шақырды.

«22 сәуір – Дүниежүзілік жер күні. Туған жерге қамқорлық жасайтын уақыт келді. Баум тоғайында «Almaty Clean & Green» экосенбілігін өткізейік! Өкінішке орай, аумақтың тазалығы көңіл көншітпейді. Мұндай келеңсіздікті адамдар жасайды. Жарайды, біз оларға өз жерімізді қалай таза ұстауға болатынын көрсетеміз. Оған қоса, ағаш отырғызамыз», - деді ECONETWORK.GREEN башысы Евгений Мухамеджанов алматылықтарға арнаған үндеуінде.

«Біз ерекше энергиясы бар әдемі қалада тұрамыз. Сүйікті қаланың таза көшелерде жүріп, балалармен күтімі жақсы аулада серуендегенге не жетсін. Қыстан шыққан қалаға біздің қамқорлығымыз қажет. Біз, Қазақстанның көгалдандыру қауымдастығы және Алматы қаласының экоактивистері барлық қамқор тұрғындарды Almaty Clean & Green сенбілігіне қатысуға шақырамыз. Біздің қаланы жасыл, әдемі және таза етіп жасайық! Тазалық әкелейік, мереке ұйымдастырайық!», - деп жазды әлеуметтік желілерде «Қазақстанның көгалдандырушылар қауымдастығы» ЗТББ жетекшісі Татьяна Антоненко.

Алматы әкімдігі тарапынан қажетті заттарды (қолғап, қап, күрек, тырма), көшеттерді беру, акцияға қатысушыларды ауыз сумен және тамақпен қамтамасыз ету, сондай-ақ полигонға қоқыс шығаруды ұйымдастыру бойынша қолдау көрсетілетін болады. Аудан әкімдіктері қоғамдық ұйымдардың бастамасын қолдап, жергілікті сенбіліктер өткізеді.

Акция барысында түрлі танымдық-ойын-сауық іс-шаралары (йога, zumba dance, жаттығулар, флешмобтар және т.б.) қарастырылған, ландшафты көгалдандырудың жетекші сарапшыларынан өсімдікді отырғызу, атақты стрит-арт суретшілерінен сурет салу және граффити жасау бойынша шеберлік сабақтары өтетін болады.

Almaty Clean & Green экологиялық акциясы барысында барлығы 5 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарлануда.

Негізгі іс-шараларды өткізу үшін қоғамдық ұйымдар келесі орынды анықтады:

Түрксіб ауданында:

  1. «Желтоксан-86» саябағы – «Posadiderevo.kz» РҚБ
  2. Баум тоғайы – ECONETWORK бірге

Жетісу ауданында:

  1. Көкжиек ш/а – Қазақстанның көгалдандырушылар қауымдастығымен бірге

Медеу ауданында:

  1. Кіші Алматы өзенінің аумағы, Bellagio мейрамханасының оң жағы – «Спорттық туристер достастығы» ҚҰ

Алмалы ауданында

  1. Сайран көлінің шығыс жағалауы – «Greenup.kz» ҚҚбірге «Таза ойындар» экологиялық акциясы

Сондай-ақ, қаланың қалған аудандарында (21 учаске)аумақты жинау және ағаш отырғызылады:

Медеу ауданында:

  1. Алатау ш/а Ибрагимов көшесі бойымен (қала шекарасынан «Инновациялық технологиялар паркі») АЭА шекарасына дейін
  2. Кіші Алматы өзені бойында («AB» мейрамханасынан Митин көшесіне дейін)
  3. Думан-3 шағынауданының тау бөктері

Әуезов ауданында:

  1. Алтынсарин даңғылы Жандосовтан Қабдолов көшесіне дейін
  2. Момышұлы көшесі Шаляпиннен Райымбек даңғылына дейін
  3. Жұбанов көшесінен Момышұлынан Садовников көшесіне дейін

Алатау ауданында:

  1. Дарабоз ш/а
  2. Үлкен Алматы өзені Рысқұловтан Райымбек даңғылына дейін
  3. Қарасу ш/а, Қарасу өзені

Алмалы ауданында:

  1. Сайран көлінің оң жжағалауы (Төле би көшесі жағынан кіру)
  2. Үлкен Алматы өзенінің жағалауы,Төле биден Райымбек даңғылына дейін
  3. «АЗТМ» сквері, Төле биден Жароков көшесіне дейін

Бостандық ауданында:

  1. Гагарин бульвары, Абайдан Жандосов көшесіне дейін
  2. Әл-Фарабидағы сквер Сырғабекова көшесінің бұрышы
  3. Дружба саябағы Есентай өзені Әл-Фарабиден Тимирязев көшесіне дейін.

Наурызбай ауданында:

  1. Райымбек даңғылындағы бос орын (Алатау көшесінің батысы)
  2. Тарғап көшесіндегі бос жер, солтүстік жағы
  3. Дала көшесі (жатақхана артындағы бос жер)

Түрксіб ауданында:

  1. Сейфуллин саябағы

Жетісу ауданында:

  1. Солтүстік айналма, 87/7 үйдің маңы
  2. Айнабұлақ-4 ш/а (сай сала)

 

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv