Алматыда төрт дәрігерлік амбулатория мен үш балабақша қолданысқа беріледі

12.01.2024

Жоспар бойынша құрылыс нысаны 2024 жылдың ІІ тоқсанында аяқталады.

Алматы құрылыс басқармасы қаладағы әлеуметтік инфрақұрылым құрылысының барысы туралы айтты.

Бүгінде қалада «Ақжар», «Алтын Бесік» және «Жас Қанат» шағын аудандарында 700 орындық үш балабақша салынып жатыр. Оларды 2024 жылдың ІІ тоқсанында аяқтау жоспарланған. Былтыр маусым айында «Саялы» және «Айнабұлақ» шағын аудандарында әрқайсысы 160 орындық екі балабақша пайдалануға берілді.

Денсаулық сақтау саласына келсек, биыл шілде айына дейін «Саялы», «Қарасу», «Нұршашқан» шағын аудандарында, сонымен қатар, Түрксіб ауданы Айбасов көшесінде отбасылық-дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы аяқталады. Сонымен қатар былтыр «Мамыр-5» және «Кемел» шағын аудандарында амбулаториялар салынды.

Сонымен қатар 2024 жылдың бірінші тоқсанында аяқталатын «Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы» үшін қабылдау бөлімшесі ғимаратының құрылысы жүргізіліп жатыр.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.