Алматыда соңғы 11 жылда алғаш рет троллейбус паркін жаңарту басталды

20.11.2023

Алматыға 55 қоғамдық көлік жеткізілді.

Алматыда соңғы 11 жылда алғаш рет троллейбус паркін жаңарту басталды.

№1 Алматы троллейбус паркі ұзындығы 12 метр болатын төмен еденді Yutong ZK6128BEVG троллейбустардың бірінші партиясын алды.  Жылжымалы құрам осыдан 11 жыл бұрын жаңартылған болатын. Сол кезде қала қытайдың Neoplan Youngma маркалы троллейбустарының үлкен партиясын алған еді. Ұзақ уақыт пайдаланғандықтан олардың тозығы жетті.

Бүгінгі күні Алматыға 55 троллейбус жеткізілді. 2023 жылдың 18 қарашасынан бастап №1, №9, №12, №5, №11, №25, №7, №19, №6. бағыттарда 19 жаңа жылжымалы бірлікті іске қосу жоспарлануда. Қалған троллейбустар техникалық дайындықтан өткен соң  желіге шығарылады.

Жаңа «Ютонгтар» жолаушылардың жайлы әрі қауіпсіз қозғалысы үшін қажетті барлық заттармен жабдықталған. Электр қуаты өшіп қалса да, бұл троллейбустар кіріктірілген батареяның арқасында қозғалысын жалғастырады.

90 орындық кабинада бейнебақылау жүйесі, телефондарды зарядтауға арналған USB қосқыштары және қуатты кондиционер бар. Кабинада заманауи электроника орнатылған, оның ішінде жүргізушінің әрекетін тіркейтін борттық жазғыш бар.

Төтенше жағдайда троллейбус автоматты өрт сөндіру жүйесімен және шұғыл қызметтерге қоңырау шалу түймесімен жабдықталған. Автоматты құрылғы жолаушыларды жайлы отыруына, оңай түсуіне. қауіпсіздігіне ықпал етеді.

Жаңа көлікті сынап көрген жүргізушілер оның маневрлік қабілетінің жоғары екенін атап өтеді. Бұл Алматы көшелерімен жүруге өте ыңғайлы.

Айта кетерлігі, жаңа троллейбустардың барлық партиясы жыл соңына дейін жеткізіледі.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.