13.10.2023

Алматыда 9 айдың қорытындысы бойынша жоғары іскерлік белсенділік сақталуда. Бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлік басқармасы мамандары айтты.

Белсенді жұмыс істейтін ШОБ нысандарының саны 25,8% - ға артып, 341 мыңға жетті.

Бірінші жартыжылдықта ШОБ өнімін шығару 8,6% - ға артты. Ал шағын және орта бизнесті қолдау үшін субсидиялау, кепілдік беру және несиелендіру үшін бюджеттен 49,4 млрд.теңге бөлінді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша ШОБ-тың жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 60% - ға дейін ұлғаяды деп жоспарланады.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі