Алматыда құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жаңа талаптар қойылады

13.10.2023

2023 жылғы 10 қазаннан бастап Алматы әкімдігінің қалада түрлі құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде нөсер кәрізін реттеу қажеттілігі туралы қаулысы күшіне енді.

«Қалалық мобильділік, энергетика және сумен жабдықтау, экология және қоршаған орта, жоспарлау және урбанистика, құрылыс басқармалары мен Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көше-жол желісін салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде инженерлік коммуникацияларды салудан, реконструкциялаудан және жөндеуден кейін қалпына келтіру жұмыстары кезінде нөсер кәріздерін реттейтін болады», - делінген қаулыда.

Сондай - ақ, қала басшысы инженерлік коммуникацияларды салғаннан, қайта жаңартқаннан және жөндегеннен кейін жолдың асфальтбетон жабынын қалпына келтіру кезінде жол таңбасының тиісті желілерін қолдануды қарастыруды тапсырды.   

Алматыдағы арық желісінің ұзындығы 1525 км құрайды, оның 1208 км нөсер кәрізі ретінде пайдаланылады. «Алматы қаласында арық желілері мен нөсер кәріздерін салу және реконструкциялау» жобасы аясында 2024 жылдың соңына дейін 376 км арық желісін салу жоспарлануда, оның ішінде ағымдағы жылы 80,1 км салынды.

Еске салсақ, бірнеше жыл бұрын Алматыда коллекторлық-дренаж жүйесі іс жүзінде болмаған, қаланың аудандарын жоспарлау кезінде бұл мәселеге бұрын тиісті көңіл бөлінбеген. Қолда бар коллекторлар ұзақ жылдар бойы иесіз болды, оларды тұнбадан тазарту, ағымдағы жөндеу, реконструкциялау, арық желілерін қосу жұмыстары жүргізілмеді. Қолданыстағы арық желісі  бекітілмеген, су бұру коллекторларымен байланысы жоқ. Бұл жаңбыр мен еріген судың дұрыс ағып кетуіне кедергі келтіреді және су басудың негізгі факторына айналады.

Қалада су басу мәселелерін шешу үшін Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша жаңа арық желілерін салуды және нөсер жүйесінің коллекторларын жөндеуді қамтитын кешенді шаралар қабылдануда.

Нөсер кәрізі немесе жаңбыр кәрізі деп аталады, бұл жаңбыр мен еріген суды қала аумағынан тыс жерлерге ағызып жіберуген арналған күрделі инженерлік жүйе. Жаңбыр суына коллекторлар, жаңбыр науалары, арналар, су қоймалары және т.б. кіреді.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі