21.09.2023

Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев айтып берді

Биыл Молдағалиев көшесі мен Чехов көшесіндегі жаяу-серуендеу аймағы аяқталды, сондай-ақ №6 Оқушылар үйінің жанындағы саябақ қайта жаңартылды. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Бұл жобалар Сауранбаев көшесі бойында бұрын жабдықталған серуендеу аймағының жалғасы  іспетті. Қазанның соңына дейін Әуежай алаңын жөндеу жұмыстары - субұрқақ, суару жүйесін орнату, жаяу жүргіншілер жолдарын жаңарту аяқталады.

«Экология және қоршаған орта басқармасы жыл соңына дейін скандинавиялық серуендеуге арналған экожолдары бар Баум тоғайын абаттандыру, КПФр орнату, рекреациялық және жағажай аймақтарын жайластыра отырып, Үлкен Алматы каналын абаттандыру, жаяу жүргіншілер көпірлерін жаңарту, сондай-ақ Майлин көшесінен қала шекарасына дейін Кіші Алматы өзені бойындағы жаяу жүргіншілер-серуендеу аймағын абаттандыру бойынша ЖСҚ әзірлейтін болады. Жобаларды іске асыру 2024 жылдың II тоқсанында басталады«, – деді Ерболат Досаев.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.