Алматыда орташа жөндеу жүргізілетін көшелердің тізімі жарияланды

17.04.2023

Биылғы жылы орташа жөндеу аясында ұзындығы 200 км-ден асатын 230 көшені қамту жоспарлануда. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 20 млрд теңге бөлінді. Орташа жөндеу жолдағы зақымдарды түзету, тозған жоғарғы қабаттарды қалпына келтіру бойынша кешенді жұмыстарды қамтиды.

«Жұмыстарды мердігерлік ұйымдарды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін бастау жоспарлануда. Магистральдық көшелерді орташа жөндеуді 27 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда, ал аудандық маңызы бар көшелер 30 қазанға дейін жөнделеді. Жұмыс басталар алдында әр көше бойынша жұмыстарды жүргізудің жоспарланған мерзімі бар тізім жарияланатын болады», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, ұсақ зақымдардың алдын алуды және шұғыл түзетуді көздейтін биылғы жөндеу  жұмыстары аясында Алматыда шұңқырларды бітеу, люктерді көтеру, жарықтарды жабу және басқа да жұмыс түрлері жүргізілетін болады. Осы мақсатқа қалалық бюджеттен 2,8 млрд теңге бөлінді. Биылғы жөндеумен 350 мың м2 астам аумақты қамту жоспарлануда, сондай-ақ 30 км тротуар мен 40 аялдама кешені жөнделеді.

Жөнделетін көшелер тізімі

 

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv