11.01.2024

Еңбек ұтқырлығы орталығы жұмысқа орналасуға көмектеседі.

Мегаполисте еңбек нарығындағы жағдай жақсарды. Атап айтқанда, 2023 жылдың III тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8% дейін төмендеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов мәлімдеді.

Ол халықты жұмыспен қамту маңызды мәселелердің бірі болып қала беретінін атап өтті. Еңбек ұтқырлығы орталығы мен Мансап орталығы жұмысқа орналасуға көмектеседі.

- 2023 жылы 87,4 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, оның ішінде тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 41,5 мыңнан астамы (47,5%) орналастырылды, – деді ӨКҚ спикері.

Алматыда жеке бизнесін жаңа бастаған кәсіпкерлер өз істерін дамытуға гранттар алды.

- «Бастау Бизнес» жобасы және гранттар бойынша ісін жаңа бастаған 10,3 мың кәсіпкер қолдау алды, бизнесті ашқысы келетін 135 жасқа 5 млн теңгеге дейін жеңілдікпен (жылдық 2,5% - бен) шағын несиелер берілді. Курстардан 4 мыңнан астам адам өтті, 31,3 мың оқушы, студенттер мен жұмыссыздар арасында кәсіптік бағдар өткізілді, – деп атап өтті ол.

Ұлттық жоба аясында және кәсіпкерлік субъектілерімен 89 995 жұмыс орны құрылды, олардың 81% немесе 72 824-і тұрақты жұмыс орыны.

- Осылайша, халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекет қолға алған барлық шаралар қаладағы жұмыссыздық деңгейін 5%-ден 4,8% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді, - деп атап өтті Бауыржан Жаубасов.

Жұмыспен қамту жүйесін одан әрі дамыту мақсаттарының бірі - электрондық еңбек биржасы шеңберінде барлық қызметтер мен қолдау шараларын толық цифрландыру.

Кәсіби дағдылары жоқ адамдарға жұмысқа орналасу мәселелеріне ерекше назар аударылады.

- Іске асырылып жатқан жұмыспен қамту бағдарламаларының тиімділігін арттыру мақсатында қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздар міндетті түрде жаңа кәсіптер мен дағдыларды алу үшін «Skills Enbek» порталында онлайн оқытудан өтетін болады. Бұл қала бюджетіне жүктемені азайтуға мүмкіндік береді, - деді Б.Жаубасов.

Зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар мен зейнеткерлерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін оларды одан әрі жұмысқа орналастыра отырып, жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасын енгізу мәселесі қаралуда.

- 2024 жылы 12,5 мың адамды жұмыспен қамтуға 90 508 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Оның ішінде 67 654-і (74,7%) тұрақты жұмыс орындары болады, - деп толықтырды спикер.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.