Алматыда жаңа туған нәрестелерге инкубаторлар мен реанимациялық жүйелер шығарыла бастайды

19.12.2023

Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мәлімдеді.

Алматыда экономиканы одан әрі әртараптандыру бойынша шаралар іске асырылуда. Өңдеу өнеркәсібінің басым бағытында зәкір өндірісі бойынша жобалар іске асырылуда. Осылайша, 2024 жылы танымал логистикалық орталығы мен медициналық жабдықтарды өндіру бойынша 3 жоба іске қосылады. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мәлімдеді.

Атап айтқанда, операциялық шамдарды, пациенттердің төсегін, балаларға арналған инфрақызыл жылытқыштарды, фототерапияға арналған аппараттарды, аспираторлар, жаңа туған нәрестелерге арналған инкубаторлар, реанимациялық жүйе, ультрадыбыстық аппараттар, ЭКГ, цифрлық рентгенография жүйелерін және т.б өндіретін болады.

2025 жылы Changan, Сһегу мен Haval мультибрендтік автозауыты, Knauf Insulations жылу оқшаулағыш материалдар зауыты, 6 фармацевтика мен медициналық жабдықтарды өндіру бойынша тағы 4 жоба іске қосылады. Ал 2026 жылы «ORBIS MANUFACTURING» жеңіл автомобильдер шығаратын зауытты іске қосу жоспарлануда. Осылайша Алматы экономикасындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2024 жылы 5,6%-ға дейін және 2025 жылы 6,6%-ға дейін ұлғаяды.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.