Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.
Тұрғынның сұрағы:
- Біздің ауданның құрылғанына 10 жыл болды, осы уақыт ішінде аудан дамып, құрылыстар көбейді. Жақында әкімдік нүктелі құрылысты шектейтін егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобаларын қабылдады. Бірақ заң бойынша оларға жылына екі рет өзгерістер енгізуге болады. ЕТЖ-ға енгізілген барлық оң бастама осыған байланысты өзгеріп кетпей ме?
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың жауабы:
Былтыр мамыр айында Үкімет 2040 жылға дейін Қаланың бас жоспарын бекітті, содан кейін оны жүзеге асыру үшін сарапшылар және қала тұрғындарымен талқылаудан кейін біз әр ауданның жаңа жол ережелерін қабылдадық.
Алматының болашақ дамуы орта қабатты құрылысқа негізделген. ЕТЖ-дағы барлық айланың жолын кестік, қосымша жыл соңына дейін түзету енгізуге мораторий жарияладым. Егер өзгеріс қажет болса, келесі жылы қарастырамыз. Менің ойымша әзірлеушілер де, тұрғындар да мені түсінеді, өйткені біз жоспардың тұрақтылығын қамтамасыз етуіміз керек.
ЕТЖ-ны әзірлеу кезінде қала тұрғындарының пікірі барынша ескерілді, қызыл сызықтар бойынша бұрынғы қателіктер мен басқаларын ретке келтірдік. Бірақ қалада дамудың белгілі бір басымдығы бар екенін және олар әрқашан жеке азаматтардың пікірімен сәйкес келмейтінін түсіну керек. Мысалы, Наурызбай ауданында біз қоғамдық кеңістікті барынша жақсартуға тырысамыз, болашақта барлық үйлер жер асты тұрағымен және қажетті әлеуметтік инфрақұрылымдармен салынады.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі