Алматыда дизельді автобус сатып алуға тыйым салынады 100 жаңа троллейбус сатып алынады

21.12.2023

2024 жылы 100 троллейбус сатып алынады.

Алматыда 2024 жылы  дизельді автобустар сатып алуға тыйым салынады және 100 троллейбус сатып алынады.

Алматыда даму бағдарламасын іске асыру аясында қоғамдық көлікті басым дамыта отырып, қаланың тұрақты көлік құрылымы қалыптасуда. Биыл қаланың автобус паркі 1 150 экологиялық таза автобусқа жаңартылды (оның ішінде жеке тасымалдаушылардың алғаны – 550). 2024 жылдан бастап жеке тасымалдаушылардың дизельдік автобустарды сатып алуына тыйым салуды енгізу жоспарлануда. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Астанада өткен ОКҚ брифингінде сөйлеген сөзінде айтты.

- Соңғы 11 жылда алғаш рет Алматыда 100 троллейбус сатып алынды, 2024 жылы тағы 100 бірлік сатып алу жоспарлануда, бұл троллейбус паркін 100% жаңартуға мүмкіндік береді. Алматыда метро қарқынды дамып келеді. Биыл 3 қосымша жылжымалы құрам іске қосылды. Қозғалыс аралығы 5 минут 38 секундқа дейін төмендеді. Нәтижесінде метроның жолаушылар ағыны 100 мың адамға дейін ұлғайтылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша қоғамдық көлікте жолаушылар ағыны тәулігіне 1,5 млн адамға дейін, 2022 жылы 1,2 млн адамға дейін ұлғайды, - деп атап өтті Алматы әкімі.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.