13.04.2022

Күзде мегаполис тұрғындарына 2 мыңға жуық көшет тарату жоспарлануда.

Алматыда 2022 жылы 350 мың ағаш отырғызылады. Осылайша, жергілікті атқарушы органдар Jasyl Almaty-ның 1 миллион ағаш отырғызу акциясын аяқтайды. Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жасыл экономика басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серік Әділбаев бүгінде мегаполисте 705 мың көшет отырғызылғанын атап өтті.

Еске салсақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында елді көгалдандырудың ауқымды бағдарламасын бастауды тапсырған болатын.

«Биыл бізде 350 мың жасыл желек отырғызу жоспары бар, оның ішінде 72 346 көшет отырғызылды. Жалпы, осы екпелер есебінен 1 миллион ағаш отырғызу арқылы Jasyl Almaty акциясын аяқтауды жоспарлап отырмыз«, - деді Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы басшысының міндетін атқарушы С. Әділбаев.

Спикер Алматының Жасыл экономика басқармасының алдында қалалық экожүйені біріктіретін және биоәртүрлілікті қолдайтын қаланың »жасыл желісін» құру бойынша маңызды міндет тұрғанын атап өтті. Сондықтан ағаш отырғызу 2022 жылдың күзінде жалғасады. Тағы 277 654 жас көшет отырғызу жоспарлануда.

Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы басшысының міндетін атқарушы магистралды жолдар, жолайрықтар, теміржолдар бойында, көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің аумақтарында, өзен жағалауларында, саябақ және санитарлық-қорғау аймақтарында  ағаш отырғызылатынын хабарлады.

«Ағаш отырғызу кезінде дендролог ғалымдардың ұсынымдары ескерілді, олар кәдімгі қарағай, қазақстандық терек, ұсақ жапырақты қарағай, қайың, шаған, жалған акация, сүйір жапырақты үйеңкі, каштан, робиния, жалған акация, көпіршік, долана, алма, өрік отырғызуды ұсынады«, - деп атап өтті С. Әділбаев.

Спикердің айтуынша, қалада Алматы тұрғындарына көшеттерді тегін тарату бойынша »Жасыл аула» акциясы жалғасады. Күзде мегаполис тұрғындарына 2 мыңға жуық көшет тарату жоспарлануда.

Сондай-ақ, С. Әділбаев Алматыны гүл композицияларымен және гүлзарлармен безендіру жұмыстары туралы да айтып берді.

«Біржылдық және көпжылдық гүлзарларды отырғызу 2023 жылға дейін жалғасады. Жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеге мердігерлік ұйымдармен 10 шарт жасалды. Гүл отырғызу сәуір айында басталды, өйткені бұл кезең ең қолайлы. Сәндік-гүлмен көгалдандырудың жалпы көлемі шамамен 159 мың шаршы метр«, - деді спикер.

Бұдан басқа, өткен жылдардың көпжылдықтарына күтім жасау, сондай-ақ 26 мың шаршы метр алаңға көгал егу жоспарланған.

Алматыда бұлбұл гүлдер пайда болады: коламбус, абба, династи, стронг голд, лалибелла, ляп топ және т.б. отырғызу 10 мамырға дейін мегаполистің сегіз ауданының әрқайсысында жалғасады.

Дереккөз: Almaty.tv.