31.01.2024

Қашқар көшесінде жаяу жүргіншілер аймағы пайда болады.

Жайлы қалалық ортаны құру да біздің жұмысымыздың басты стратегиялық бағыттың бірі болып табылады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты.

Қала басшысы ауданда 3 саябақты жөндеу жүргізілетінін атап өтті (Мұқанов, Төле би Масанчи к-сі бұрышы, Розыбакиев көшесі), КТҮ 50 қасбеті және 59 аула аумағын абаттандыру. Сондай-ақ Қашқар көшесінде жаяу жүргіншілер аймағы пайда болады.

2023 жылы Алмалы ауданында абаттандыру бойынша 25 жоба іске асырылды, оның ішінде 6 қоғамдық кеңістік пен көгалдандыру, автоматты суару құрылғысы бар 19 жасыл аймақ. Сәулет келбетін сақтау мақсатында КТҮ-дің 47 қасбетін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін 91 аула аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, жауын-шашын кезінде су басқан учаскелер санын азайту бойынша жұмыстар  атқарылды. Өткен жылы 12 учаске жойылып, 41,1 шақырым арық желісін қайта құру және салу жұмыстары жалғасуда.

- Бүгінде жалпы ұзындығы 11,5 шақырым болатын 31 учаскеде жұмыс аяқталды, қалған 29,6 шақырымды 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда, - деді Ерболат Досаев.

Алматы әкімі »Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын айтты.

- 2023 жылы бағдарлама аясында  жалпы құны1,6 млрд теңге болатын 34 жоба іске асырылды. 2024 жылға қаржыландыру сомасы 2 млрд теңгеге ұлғайып, 52 жобаны іске асырылатын болады, - деп түйіндеді сөзін мегаполис басшысы.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.