Алматыда Қала күнін мерекелеу аясында және балалар мен жасөспірімдер театрының негізін қалаушы Наталья Сацтың 120 жылдығына орай оған арналған мемеориалды ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. КСРО Халық әртісі Наталья Ильинична балалар театрына өмірінің 13 жылын арнады және 100-ден астам спектакль қойды.
Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған театр ғимаратының жанындағы мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуына Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Татьяна Тарская, Валерия Крымская, аты аңызға айналған театрдың даңқты труппасы және «Sats ComUnity» балалар театр студиясының тәрбиеленушілері, Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев және т. б. қатысты.
Әртістердің айтуынша, Алматыдағы жас көрермен театры 1945 жылы ашылды, театр ұжым бүгінгі күнге дейін қалыптасқан мәдени дәстүрлерді ұстануда. Сарқылмас энергияның, ерік-жігердің және өнерге деген сүйіспеншіліктің арқасында Наталья Сац соғыс кезінде балаларға арналған алғашқы театрды ашқан еді.
«1945 жылдан бері ел мен қала алғаш рет ұлы Наталья Сацқа құрмет көрсетті. Әрине, театрдың негізін қалаушы, көрнекті режиссер ерен еңбегі өз жемісін беруде. Бұл өмір ағашының күшті, берік тамыры бар және ол әр көктемде гүлдеп, барлық көрермендерге, қазақстандықтарға және еліміздің қонақтарына актерлеріміздің ойынынан ұмытылмас әсер қалдырады», - деді Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық орыс театры директорының міндетін атқарушы Олег Гостев.
Мемориалды тақта Шаляпин көшесі, 22 (.Алтынсарин көшесінің бұрышы), Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған театр аумағына орналастырылды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі