Алматыда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің жаңа стандарты енгізілді

21.12.2023

Бұл туралы ОКҚ брифингінде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Медициналық қызметтердің сапасын арттыру үшін 2023 жылы МСАК (алғашқы медициналық-санитарлық көмек) жаңа бірыңғай стандарт енгізу басталды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Жаңа стандарт бойынша Әуезов және Жетісу аудандарында 2 МСАК орталығы және 1 жаңа емхана ашылды. Ал 4 МСАК орталығының құрылысы жүргізілуде, сондай-ақ 11 МСАК орталығы мен емханалардың құрылысына ЖСҚ әзірленуде.

4 жаңа стационар салуға, 5 қолданыстағы аурухана мен 5 жедел медициналық көмек қосалқы станциясын жаңғыртуға ЖСҚ әзірлеу басталды.

Кадрлық әлеуетті арттыру үшін республиканың ғылыми орталықтарының базасында, Германия, Израиль, Түркия клиникаларында 3 340 дәрігер қайта даярлаудан өтті. Резиденттер үшін 136 грант, орта медициналық персонал үшін 1 116 грант бөлінді.

Жалпы, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2023 жылғы 36,5 млрд теңгеден 2024 жылы 41,0 млрд теңгеге дейін 12,3 пайызға ұлғаяды.

Алматыда МСАК бірыңғай стандарты қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе негізінде әзірленді. Ол медициналық көмек көрсету регламенттеріне, жобалық-технологиялық шешімдерге, цифрландыруға және емханалардың менеджментіне 4 негізгі критерий бойынша түбегейлі өзгерістер енгізуді көздейді, олар - қолжетімділік, сапа, технологиялылық және жайлылық.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.