Құрылғы қараңғыда да, қолайсыз ауа райында да жақсы жұмыс істейді.
«Сергек-Патруль» кешенінің көмегімен қаладағы жол қозғалысы жағдайына теріс әсер ететін және жол-көлік оқиғасы деңгейіне әсер ететін ЖҚЕ өрескел бұзулар анықталды.
«Бұл – техникалық байқаудан өтпеген және сақтандыру полисі жоқ, ұрланған немесе қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген, жалған нөмір таққан көлік, сондай-ақ айыппұлдары төленбеген жүргізуші. Сонымен қатар, жүйе қоғамдық көліктерге арналған жолақтағы заң бұзушылықты тіркеп, жол қозғалысы ережелерін бұзуды өңдеу үшін деректі автоматты түрде әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне жібереді«, – делінген хабарламада.
Полицияда автоматтандырылған бағдарламалық кешен »Қорғау» мобильді қосымшасымен біріктірілгенін айтты. Ол өзінің техникалық мүмкіндіктерін айтарлықтай жақсартты: құрылғы қараңғыда да, қолайсыз ауа райында да жақсы жұмыс істейді.
Дереккөз: Almaty.tv.