13.03.2023

Жеңімпаздардың жұмысы Наурыз мейрамы қарсаңында Алматы қаласының жарнама алаңдарында ілінеді.

Алматыда Наурыз мерекесіне орай қаланың көрнекі безендірілуінің үздік дизайны байқауының жеңімпаздары анықталды.

Алматы қаласының мәдениет басқармасы жариялаған «Наурыз мейрамы – 2023» көрікті жерлерін безендірудің үздік дизайнына арналған байқау аяқталды.

Жеңімпаздарды дизайнерлер одағының, суретшілер одағының, қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының, сондай-ақ Алматы қаласы мәдениет басқармасының өкілдері кіретін жұмыс комиссиясы таңдады.

Қаланы билбордтармен безендіру бойынша конкурс ниет білдірушілер арасында өткізілді.

1 орын игері Динара Абраева атанды;

Амантур Бейсенбинов 2-орынды иеленді;

Нұржан Ибраевке 3-орын берілді.

Жеңімпаздардың жұмысы Наурыз мейрамы қарсаңында Алматы қаласының жарнама алаңдарында орналастырылады.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.

ТӨРАҒА БЛОГЫ