Бұл туралы Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Өтінімдер халыққа қызмет көрсету орталығында қабылданып жатыр.
Салық органының мәліметінше, өтініш қабылдау мен борышкердің кіріс критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан мүдделі мемлекеттік және өзге де органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі.
Ең бастысы, азаматтар бұл несие қарызының амнистиясы еместігін түсінуі керек, себебі өзін банкрот деп тану мынадай шараларға әкеледі:
- бес жыл ішінде несие ала алмайды (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа);
- қайта банкроттық жеті жылдан кейін ғана мүмкін болады;
- қаржылық жағдайы банкроттықтан кейін үш жыл бойы тексеріледі. Төлем қабілетін қалпына келтіру кезінде мұндай шаралар болмайды.
Сонымен бірге ведомство банкроттықтан соң азаматтың несие рейтингі төмендейтінін түсініп, банкроттық туралы ойланып, нақты шешім қабылдауы қажет екенін ескертті.
Айта кетейік, соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтінішті ХҚО арқылы қана емес, eGov.kz, «Е-салық-Азамат» мобильдік қосымшалары арқылы онлайн жасауға болады.
Еске салайық, бұған дейін жеке адамдардың банкроттығы туралы құқықтың көмек алуға 10 мыңнан астам адам өтінім берген болатын.
Дереккөз: inform.kz