Бұл туралы Экономикалық тергеу департаментінің өкілі Жақсылық Мырзахан айтып берді.
Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаментінің өкілі Жақсылық Мырзахан Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысып, оның барысында өткен жылы олардың ведомствосы 8 қаржы пирамидасының қызметін тоқтатқанын айтты.
ӨКҚ спикері Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қаржы пирамидаларының жолын кесі мен жоюда қандай іс-шаралар өткізетінін айтты.
«Қазіргі уақытта қаржы пирамидалары бастапқы кезеңде жою үшін шаралар қолдануда. Жарқын мысал – «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесі арқылы интернет кеңістігінде сайттарды, аккаунттарды және жарнамалық сілтемелерді бұғаттау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. 2022 жылы 396 интернет сілтемелері бұғатталған болатын»,- деп хабарлады Жақсылық Мырзахан.
Бүгінгі таңда ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың іс-әрекеттерін ескертуге мүмкіндік беретін бірқатар іс-шара әзірленді.
Компанияларды қаржы пирамидасының белгілеріне тексеру үшін «Байқа пирамида!» телеграм-боты енгізілді. Бүгінгі таңда оған азаматтардан 2 мыңнан астам өтінім келіп түскен, оның ішінде 1800-і қаралды. Бұл ретте, аталған жұмыс оларды алдын-ала анықтауға бағытталғандығын айта кету қажет.
Жалпы, 2022 жылы Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Алматы қаласының аумағында (Innova Gold), (QOZGAN), (the Finiko), (Grand lux house), (Tender), (Альфа Сейлс Консалтинг), (Forex клуб) (Rich Beach) секілді 8 қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.
ҚР қылмыстық кодексінің 217-бабымен қаржы пирамидалары бойынша қозғалған 6 қылмыстық іс сотқа жолданды: Caspian Crocus, TheFiniko, World Business Consulting - (2), Qozgan Inc, B2B Jewelry. Жоғарыда аталған қаржы пирамидаларының қызметінен 3500-ден астам азамат зардап шекті.
Мәселен, Qozgan Inc қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқталды.
Ұйымдастырушылар азаматтарға өздерінің ақшалай қаражатын тендерлік жобаға салуды ұсынды, бұл 105 күн ішінде салым сомасының 5-30 пайызға дейін еселеп қайтаруға болады деп сендірген.
Салымшылардың жалпы саны 50-ден астам адамды құрайды, келтірілген залал сомасы 270 млн.теңгеден асты.
«Сондай-ақ, құрамында алтын элементтері бар алтын құймалары мен косметикалық өнімдерді сататын интернет-дүкен ретінде жасырынған Innova Gold қаржы (инвестициялық) пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу тергелуде.
Innova Gold ұйымдастырушылары азаматтардың сеніміне кіріп, жобаға шақырған. Қаражат салғаны үшін бонустар есептеуге, сондай-ақ егер клиент өзімен бірге басқа салымшыларды алып келген болса, жобадағы рөлін ілгерілетуге уәде бере отырып», - деп жалғастырды спикер.
Азаматтардың салған ақшалай қаражаты Innova Gold сайтындағы салымшының жеке кабинетінде көрсетілді, алайда сайт пайдаланушылары өз қаражаттарын іс жүзінде қолма-қол ақшаға айналдыра алмады.
Бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі БАҚ-да жарияланатын болады.
Алматы қаласы бойынша ЭТД қызметкерлерінің қабылдаған шараларының нәтижесінде қаржы пирамидасына кіру, әдетте, ерікті негізде және құқықтық сүйемелдеусіз жүзеге асырылатынын атап өтті. Алайда, біздің өндірісте аяқталған қылмыстық істер бар, онда азаматтар салынған қаражаттарын қайтара алды.
Экономикалық тергеу қызметінің қабылданған шаралардың нәтижесінде, қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың банк шоттарына, жылжымалы және жылжымайтын мүліктеріне тыйым салынды. Мысалы, World Business Consulting қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс бойынша сегіз жәбірленушіге келтірілген 34 255 155 теңге сомасында залал өтелді.
B2B Jewerly қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс бойынша 230-дан астам жәбірленушіге 300 млн.теңге сомасына залал өтелді. 2,2 млрд. теңге сомасына мүлікке тыйым салынды.
«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, азаматтарды елімізде қарқын алып жатқан интернет-алаяқтықтан да сақтандырғым келеді. «Жалған қаржы» ұйымдарының ұсыныстарын тарату жағдайлары жиілеп кетті. Олар ақшаны мұнай өндіруші компаниялардың, танымал банктердің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ірі жобаларына жоғары және пассивті кірістілік уәдесімен инвестициялауға шақырады», - дейді Жақсылық Мырзахан.
Сендіру үшін ұйымдастырушылар танымал жаңалықтар порталдарының логотиптері мен дизайнын пайдаланады, сонымен қатар танымал тұлғалар мен жоғары лауазымды шенеуніктерді атап өтеді. Мұндай ресурстарға кіре отырып, сіз өзіңіздің сауалнамалық деректеріңізді толтырмауыңыз керек. Осыдан кейін, олар қоңырау шала бастайды, аты-жөнін сұрайды, олар өздерін банктің немесе құқық қорғау органының қызметкерлеріміз деп таныстырып, сізге несие рәсімделгенін немесе қылмыстық іс қозғалады деп айтады. Тосын сәт пен сіздің шатасуыңызды пайдаланып, олар сіздің банктік деректеріңізді алып алуы мүмкін.
Осыған орай, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.
Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының құрбаны болып немесе күмәнді жобаларға шақырып алып жатса, Алматы қаласының экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз (Жібек жолы даңғылы, 127). Сенім телефоны 279-29-56 немесе ҚР ҚМ әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары арқылы.
Дереккөз: Almaty.tv.