Қазір мектепте 1200 оқушы білім алуда.
2023 жылғы 25 қаңтарда Алматы қаласы Алатау ауданының »Дархан» шағынауданында 1500 оқушыға арналған № 210 мектеп-лицей ашылды.
Қазіргі кезде мектепте 50 сынып-жиынтығында 1200 оқушы білім алуда. Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.
Заманауи оқу корпусы 7 блоктан тұрады. Мектепте сыртқы спорт алаңы мен ойын алаңдары бар. Мектепте 76 оқу кабинеті, заманауи асхана, робототехника кабинеті және спорт залы, мультимедиялық кабинеттер мен кітапхана бар. Мектеп асханасында бірмезгілде 270 оқушы тамақтана алады. Қазіргі кезде 1-4 сыныптардың 600 оқушысы тегін тамақтануда. Бұдан басқа, оқушыларды тасымалдау үшін 2 бағытта 6 автобус жүруде.
Оқу кабинеттері интерактивті панельмен, Smart тақтамен және заманауи модификациядағы жиһазбен жабдықталған. Оқу кабинеттерінде панорамалық әйнектер орнатылған. Мектеп дәліздері мен кеңселері кең, жарық және эргономикалық интерьермен ерекшеленеді.
Мектеп жаратылыстану-математикалық циклды тереңдету бойынша жұмыс істейді, сондықтан мұнда шығармашылық, білікті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру қарастырылған.
Биология, химия, физика кабинеттері мен арнайы зертханалар практикалық жұмыстарға қажетті көрнекі құралдармен жабдықталған.
Қыздарға арналған аспаздық және тігін шеберханасы, ұлдарға арналған саз және керамика дөңгелегі бар. 2 спорт зал қажетті қондырғылармен толық жабдықталған.
Дереккөз: Almaty.tv.