22.12.2023

Мемлекет басшысының қала аумағында 2,5 млн ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында қалалық аумақтарды көгалдандыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Алматы әкімі Ерболат Досаев журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Жыл басынан бері Алматыда жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелері қабылданды. Соған сәйкес көшеттердің биіктігі кемінде 2-2,5 м болуы тиіс. 1 көшет отырғызуға арналған бюджет 6 мың теңгеден 16 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл сомаға жасыл желекті сатып алу, отырғызу және сапалы күтім мен 3 жыл суаруды қамтамасыз ету кіреді«, - деді Ерболат Досаев.

Суғару үшін 2022-2023 жылдары 34 су жинау құрылысы салынды (соның ішінде 29 ұңғыма мен 5 су жинау), тамшылатып суару жүйесі жүргізілді – 200 шақырымнан аса аумақ 500 мыңнан астам ағашты қамтиды.

Биыл Алматының көгалдандыру жоспары 320 мың екпені құрайды. Жалпы пайдалану аумақтарында барлығы 2,8 млн ағаш өседі, оның ішінде 79,6 мыңы – кесуге жататын апатты жағдайдағы ағаштар.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі