Әл-Фараби даңғылындағы түнелдерде де жарықтандыру қалпына келтірілді.
«Алматы Қала Жарық» МКК қызметкерлері айналма жолдарда жарық беретін құралдарды қалпына келтіруді жалғастырып келеді.
Әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысындағы жолайырықта биіктігі шамамен 40 м болатын 9 діңгек қалпына келтірілді.
Діңгектер үлкен аумақтар және ірі инфрақұрылымдық нысандарды – спорт ғимараттарын, әуежайды, теміржол бекеттерін, автомобиль жолдарын, жолайырықтарды, өнеркәсіптік кәсіпорындарды, автотұрақтарды және т.б жарықтандыруға арналған.
Жароков көшесі мен әл-Фараби даңғылының қиылысында көлік көп жүретін учаскеде жарық беруді арттыру үшін 400 ватт болатын 90 шам орнатылды.
Қалпына келтіру жұмыстары кезінде 630 метр мыс кабель ауыстырылды. «Алматы Қала Жарық» МКК мамандары атағандай, бұрын бұл жолайырықта жарық көмескі еді, құрал-жабдықтың сапасыздығына байланысты жарық оқтын-оқтын өшіп қалатын.
Әл-Фараби даңғылындағы түнелдерде де жарықтандыру қалпына келтірілді.
Естеріңізге сала кетейік, қазан айында «Алматы Қала Жарық» МКК көше жарығын мәселесін шешу үшін техникалық қызметкерлер штатын көбейтті. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен алғашқы бригада жасақталып, 30 адамға жетті. Мобильді топ қызметкерлері көшені жарықтандыру түйткілін тездетіп шешу үшін жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталған.
Дереккөз: Almaty.tv.