24.08.2023

Жайлы қалалық ортаны дамыту бойынша жұмыстар белсенді жалғасуда. Бұл туралы Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев айтты. Қараша айына дейін ауданда 3 жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне толық жөнделеді.

«Қыркүйек айында Қарғалы өзенінің жағалауын көгалдандырумен, сыртқы жарықтандыру желілерін, балалар спорт алаңдарын орнатумен және бөгеттен Жандосов көшесіне дейін ұзындығы 7,7 км қоғамдық орындарды абаттандыруды бастауды жоспарлап отырмыз. 2024 жылдың шілде айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз«, - деді қала басшысы.

3 учаскедегі жасыл желектерге тиісті күтім жасау үшін (Ақжар ш/а екі сквер және Алатау даңғ.) қыркүйек айының соңына дейін ұзындығы 4 км автоматтандырылған суару жүйесін салу жұмыстарын аяқтайды.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі